Кафедра туралы

«Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» (МжПҚБ) кафедрасы 2016 жылдың 1-ші маусымында «Түсті металдар металлургиясы» және «Асыл металдар металлургиясы және пайдалы қазбаларды байыту» екі кафедрасының негізінде құрылды.

 

Тарихы
Тарихи қалыптасу жолын «Түсті металдар металлургиясы» (ТММ) кафедрасы 1939 жылдан – әлі жас ҚазТКМИ-ның металлургиялық факультетінде екі шығарушы кафедраны ұйымдастырған жылдан басталды:
– Ауыр түсті металдар металлургиясы (АТММ);
– Түсті металдар металлургиясы және физикалық химия (ТММжФХ).


Қайтадан ұйымдастырылған кафедралар металлургиялық факультеттің өркендеу бастауында тұрды және «Түсті, асыл және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша инженер-металлургтарды дайындауды енгізді.


1940 жылдардың басында, соғыс жылдары және ол біткеннен кейін металлургиялық бағыттағы шығарушы кафедраларда алдыңғы қатарлы дарынды ғылым-оқытушылар және зерттеушілер біріктірілді: ҚазССР ҒА академиктері А.Л. Цефт, В.Д. Пономарев;  ҚазССР ҒА корреспондент мүшелері Х.К. Аветисян, В.В. Стендер.


АТММ кафедрасының ұйымдастырушысы және бірінші жетекшісі ғылымның және техниканың еңбегі сіңген қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор Х.К. Аветисян (1939 – 1954) болды. Оның жетекшілігімен Қазақстан кен орындарының тотыққан және сульфидті кендерінен, оқ және снаряд өндірісіне қажетті қорғасынды алудың пиро- және гидрометаллургиялық әдістері тиімді өңделді.


Сол жылдары көрнекті ғалымдар А.Л. Цефт, В.В. Стендер, В.Д. Пономарев и Карамуллин С.А. жұмыс істеді. Кешірек ТММ және ЖжСММ кафедрасында И.А. Онаев,  Г.М. Есиркегенов, В.С. Спитченко, Ж.С. Садыков, Е.С. Бугенов сынды көрнекті ғалымдар жұмыс жасады.


2002 жыл мен 2016 жылдар аралығында кафедраны техника ғылымдарының докторлары, профессорлар Ж.А. Алыбаев және Т.С. Даулетбаков басқарды.


Атақты металлург-ғалым Лебедев Б.Н. жетекшілігімен «Асыл металдар металлургиясы және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасында 1963 жылдан бастап  пайдалы қазбаларды байыту аймағында мамандарды  даярлау басталды. Жоғары дәрежелі мамандарды даярлауға және  кафедраны дамытуға үлкен үлесін қосқан техн. ғыл. докт. Райвич И.Д, техн. ғыл. канд. Ревазашвили Б.И., Авдюков В.И., Сажин Ю.Г., Көшербаев Қ.Т., Досумов Ж.Т., Телков Ш.А., Шаутенов М. Р. және кафедраның баска да қызметкерлері.

 

Мақсаты және тапсырмалары
 «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасы Тау-кен металлургия институтының құрамына кіретін жоғарғы оқу орнындағы негізгі оқу-ғылым кафедрасы болып табылады.


Кафедраның негізгі мақсаты Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту аумағында жоғарғы дәрежелі мамандар даярлау: мамандық бойынша сәйкес келетін бакалавр, магистр және докторанттар, ғылыми  оқу-әдістемелік жұмыстар.

 

Миссия және стратегия
Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту кафедрасының Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың негізгі міндеттерін орындауға бағытталған. Кафедраның миссиясы мыналар болып табылады:
•    Үздіксіз білім беру жүйесі бойынша білім беру бағдарламаларын ұсыну жолымен білімге негізделген қоғамды дамытуға өз қызметін бағыттау;
•    Ғылыми-зерттеу қызметі, күрделі ойлау, кәсіптік дағды мен шеберлікті дамыту арқылы оқушыларды дамыту;
•    Әртүрлі білім беру саласында студенттерді оқытуға жоғары кәсіптік тәжірибені қолдану;
•    Еңбек нарығы үшін техникалық мамандардың жаңа бәсекеге қабілетті ұрпағын даярлау;
•    Академиялық ықпалдастық пен интеллектуалдық мотивациялы білімге талпынатын әртүрлі мәдениет пен атмосфера құратын адамдарды қарсы алуы және қолдауы;
•    Ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу, алдыңғы әлемдік практикаға негізделген білім беру қызметін ендіру және мамандардың өз брэнд даярлықтарын дамытуы;
•    Экономика және бизнес секторы үшін мамандар даярлаудағы білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, техникалық сала мамандықтары бойынша еңбек нарығының талаптарына сәйкес «университет-индустрия» ынтымақтастығын дамыту;
•    Бүкіл өмірімізге арналған оқыту принципі бойынша оқуды ұйымдастырудағы жаңа оқыту технологиялары, мультимедианы қолданып қосымша білім беру және тренинг бағдарламаларын дайындау;
•    Техникалық және мәдени байланыстарды қолдау үшін білім сапасын жақсарту мақсатында басқа университеттермен, ұйымдармен ынтымақтастық орнату.
 

Наверх