Материалдық-техникалық база

Ғылыми-зерттеу зертханалары және жабдықтар келесі бағыттарға арналған:

 

  • - Металлургия (5В070900, 6М070900, 6D70900) және кен байыту (5В073700, 6М073700) мамандықтары бойынша бакалаврларды, магистрлерді және докторанттарды дайындауға ;
  • - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (ҚР БжҒМ) ұсынған ғылыми-зерттеу бағдарламалары аумағында, сонымен бірге шаруашылық – келісім-шарттық жұмыстардың негізінде кендердің (гравитациялық, флотациялық және магниттік әдістермен) байытылу дәрежесін  зерттеу және шикізатты кешенді пайдалану және металлургиялық өңдеу технологияларын жасақтау бойынша зерттеулер жүргізеді.

 

Металлургиялық бағыт бойынша МжПҚБ кафедрасында зертхана деңгейіндегі зерттеулердің барлық циклін жүргізуге мүмкіндік беретін, оның ішінде ұсақтау, ұнтақтау, күйдіру, балқыту, сілтілеу, электролиз, экстракция, ион алмасу процестері бойынша жабдықтар бар.

 

Оқу зертханасы

 

Кафедраның зертханасында т.ғ.д. Даулетбаков Т.С. жетекшілік ететін ҒЗЖ жобаның есебінен алынған планетарлық диірмен, Жунусова Г.Ж. жетекшілігімен орындалған жоба бойынша сатып алынған автоклавты қондырғы және спектрофотометр бар.

 

  

Планетарлық диірмен және автоклавты қондырғы

 

Ағымдағы оқу жылында т.ғ.д. Алыбаев Ж.А. жетекшілік ететін ҒЗЖ бойынша жұмысшы кеңістігі тігінен орнатылған жоғары температуралы «Naberterm» пеші, т.ғ.д. Тлеугабулов С.М. жетекшілік ететін жоба бойынша көлденең жұмысшы кеңістігі бар осындай пеш алынған. Аталған ғалымдар бірігіп жоғары температуралы Тамман пешін қайта жөндеуден өткізіп, іске қосты. Бұл жабдықтар шихталық материалдарды 1500-1700 оС дейінгі температурада балқыту процестерін модельдеуді жүргізуге мүмкіндік береді және пирометаллургиялық процестер бойынша зертханалық деңгейдегі зерттеулерді жүргізуге қажет болады.

 

  

Тік және көлденең орнатылған жоғары температуралы Nabertherm пештері

 

Кафедрада байыту сатысындағы және металлургиялық өндірістегі бастапқы шикізаттарды, аралық өнімдерді және өнімдерді физика-химиялық зерттеуге арналған жабдықтар бар.

 

  

Ерітініділерді талдауға арналған спектрофотометрлер

 

Зертханадағы СПАРК-1 спектрофотометрі қатты және ұнтақ материалдарды рентгенофлюоресценттік әдіспен экспресс-талдауға арналған. Талдауға арналған қондырғылардан сонымен бірге STA 409 PC/PG NETZSCH Company (Германия) дифференциалдық сканерлеуші калориметрі бар, ол сынамаларды термиялық талдауға арналған.

 

  

Экстракция, буландыру, конденсация қондырғылары

 

«Кен байыту» бағыты бойынша кафедра кенді ұсату және ұнтақтау, флотациялық және магниттік байытуға арналған әртүрлі қондырғылармен жабдықталған, олардың көмегімен түсті және сирек металдардың концентраттарын алады.

 

  

Ұсақтау және електен өткізу қондырғылары

 

Кендерді байытуға арналған зертханалық жабдықтар зауыттың стандартын сақтай отырып жасалған және кен байыту бойынша технологиялық циклді толық жүргізуге мүмкіндік береді.

 

  

Ұсақтау және кластарға бөлуге арналған жабдықтар

 

Жабдықтардың кейбір түрлерін кафедраның қызметкерлері жасақтаған, атап айтсақ, профессор М.Р. Шаутеновтың құрамында асыл металдары бар кендердің шламды фракцияларын гравитациялық байытуға арналған қондырғысы.

 

  

Ультрадыбысты аэрогидродешламатор және виброчашалы аппарат

 

ҒЗЖ нәтижелері бойынша аппараттардың жаңа үлгілері – орталықтан тепкіш гидроконцентратор (Патент РК №25645) және ультрадыбысты аэрогидродешламатор жасақталған және патенттелген.

Оқу және зерттеу жұмыстары заманауи компьютерлік технологияларды және қамтамасыз ету бағдарламаларын қолдана отырып жүргізіледі. Студенттер мен ПОҚ қолдануға арналған әртүрлі талдау бағдарламаларының кешені де бар, оның ішінде: термодинамикалық есептерді жүргізу үшін – HSC Outocumpu (Германия) бағдарламасы, кинетикалық есептеулерге арналған – Thermokinetic NETZSCH Company (Германия) бағдарламасы. ҒЗЖ нәтижесі ретінде оқу процесіне енгізілген ҒЗЖ нәтижелерінің актілерін, отандық және шет елдік журналдарға жарияланған мақалаларды, патенттерді атауға болады. Студенттер, магистранттар, докторанттар және ПОҚ әртүрлі конференциялар мен көрмелерге қатысады.

Кафедраның ұжымы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында аталған міндеттерді шешуге және «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» ҰАҚ даму бағдарламасына лайықты үлес қосуға ұмтылады.

 

Наверх