Ғылыми-зерттеу жұмысы

Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту (МжПҚБ) кафедрасы 1934-1940 жылдары Қазақ тау-кен және металлургия институтының құрылған кезеңінде ашылған үш кафедраның - «Ауыр түсті металдар металлургиясы», «Жеңіл және сирек металдар металлургиясы» және «Асыл металдар металлургииясы және кен байыту» кафедраларының дәстүрін жалғап келеді. Қазақстанның металлургия және кен байыту саласындағы ғылымның дамуының басты кезеңінде - 1934-1985 жылдары осы кафедраларда Аветисян Х.К., Цефт А.Л., Пономарев В.Д., Сушков К.В., Лебедев Б.Н., Омаров А.К., Нурмагамбетов Х.Н., Онаев И.А., Слуцкий И.З., Есиркегенов Г.М. сияқты танымал ірі ғалымдар және көптеген ғылым докторлары мен кандидатттары, аспиранттар және ғылыми қызметкерлер, инженерлер мен зертханашылар еңбек етті. Бұл жылдары кафедра ғалымдарының қызығушылығы кендерді байыту және бізге белгілі түсті және сирек металдардың барлығын бөліп алу мақсатында шикізаттарды металлургиялық өңдеу аумағындағы сұрақтарды қамтыды. Ғалымдар еңбегінің нәтижесінде алюминий, титан-магний, қорғасын-мырыш және мыс өндіруші кәсіпорындарда қазіргі уақытқа дейін қолданылдып отырған технологиялардың негізі қаланды.

 

Қазіргі кезде МжПҚБ кафедрасының ғалымдары қаржыландырылған және өз ұсыныстары бойынша зерттеулерді жүргізуді жалғастыруда. Кафедраның ҒЗЖ негізгі тақырыбы келесі бағытарды қамтиды: тікелей жолмен темір және болат алу, алтынқұрамды кедей кендерді өңдеу, техногенді шикізаттан сирек металдарды бөліп алу, металлургиялық кәсіпорындардың қалдықтарын жою, мыс қорыту өндірісінің қорғасынды шаңдарын өңдеу, металдарды тікелей тотықсыздандыру, вольфрамның наноұнтақтарын алу, коллективті концентраттарды сілтілік металдардың тұздарын қолдана отырып өңдеу, ванадий кендерін өңдеу, ЖЭО, электр станцияларынан және металлургиялық кәсіпорындардан шығатын газдардан тауарлы қосымша өнімдер ала отырып терең тазалау технологиясы.

 

Металлургия бағыты бойынша ғылыми зертеу жұмыстарын Алыбаев Ж.А., Досмухамедов Н.К., Даулетбаков Т.С., Тлеугабылов С.М., Баимбетов Б.С. белсенді жүргізеді. ҒЗЖ орындауға кафедраның профессорлық-оқытушылық (ПОҚ) және инженерлік құрамы, сонымен бірге студенттер, магистранттар және докторанттар қосылады.

 

Жұмыстардың басым бөлігі ғылыми зерттеулерді 2015-2017 жылдарда гранттық қаржыландыру бағдарламасы аясында «Табиғи ресурстарды рационалды пайдалану, шикізаттар мен өнімдерді өңдеу» атты приоритетті ғылыми бағыт бойынша жүргізіледі.

 

Жобаның атауы

Жетекшісі

  1.  

Төменгі сортты мыырыш концентраттарын өңдеу технологиясын зерттеу және тәжірибелік сынақтан өткізу

Жунусова Г.Ж.

  1.  

ЖЭО, электр станцияларынан және металлургиялық кәсіпорындардан шығатын газдарды тауарлы қосымша өнім ала отырып терең тазалау технологиясын жасақтау

Досмухамедов Н.К.

  1.  

Бақыланатын наноқұрылымы бар аса таза металдарды алу технологиясын жасақтау және олардың қасиеттерін зерттеу

Даулетбаков Т.С.

  1.  

Алтын-мышьякқұрамды кендер мен концентраттардан мышьякты экологиялық қауіпсіз сульфид түрінде бөліп және жоя отырып және тауарлы алтынқұрамды өнім ала отырып кешенді өңдеу технологиясын жасақтау

Даулетбаков Т.С.

  1.  

Теміркенді кешенді кендерді терең өңдеу технологиясын жасақтау

Тлеугабулов С.М.

  1.  

Металдарды тікелей тотықсыздандыруды ғылыми зерттеу және жиналған өндірістік қалдықтардан марганец-хромқұрамды жаңа қорытпа алу технологиясын жасақтау

Тлеугабулов С.М.

  1.  

Коллективті концентраттарды сілтілік металдардың тұздарын қолдана отырып өңдеу технологиясын жасақтау

Баимбетов Б.С.

  1.  

Қазақстанның ванадийлі кендерін өңдеудің инновациялық технологиясын жасақтау

Алыбаев Ж.А.

  1.  

«Carla» қондырғысының көмегімен алтынның кен орындарын іздеу және бағалау технологиясын жасақтау

Шаутенов М.Р.

  1.  

Фосфатқұрамды кварц-глауконитті құмдардан глауконит және фосфорит концентраттарын алу технологиясын жасақтау

Шаутенов М.Р.

  1.  

Уранды кен орындарын биосілтілеу технологиясын жасақтау

Турысбекова Г.С.

 

 

Сонымен қатар, кафедраның ғалымдары Қазақстан экономикасындағы тау-кен – металлургиялық секторындағы кәсіпорындарымен кен байыту бойынша гранттық және шаруашылық – келісім-шарттық зерттеулерді орындайды. Бұл бағытта профессорлар Шаутенов М.Р., Телков Ш.А., докторант Мотовилов И.Ю. белсенді жұмыс атқарады. Кафедраның ғылыми жұмысына 2016 жылдан бастап профессор Турысбекова Г.С. үлесін қосуда, ол уран өндірісіндегі ерітінділерден темірді бактериалық жолмен тотықтыру бойынша шаруашылық – келісім-шарттық зерттеулерді орындайды.

 

Ғылыми жұмыстарға бакалавриаттың студенттері, магистранттар және докторанттар қатысады. Магистратураның және докторантураның білім беру бағдарламасы шет елдерінің рейтингтік ЖОО мен ғылыми орталықтарының тәжірибесін зерттеу негізінде құрастырылған және құрамында ғылыми зерттеу жұмыстары бар. Кафедрадағы магистранттар мен докторанттардың барлығы да жобаларды бюджеттік қаржыландыру бағдарламалары бойынша келісім-шарттарға қосылған.

 

Кафедраның ұжымы ҒЗЖ тақырыптарын кеңейту, эксперименталдық жұмыстарды сапалы орындау үшін қажетті жағдайларды жасау және зерттеу жабдықтарын қолдану бағытында жұмыс істейді. 2016-2017 оқу жылында кафедрада студенттерге 17 оқытушы сабақ өткізеді, оның ішінде 3 профессорлар, 4 ассоциирленген профессорлар, 1 профессордың ассистенті, 3 сениор-лекторлар, 2 лекторлар, 4 ассистенттер бар. Кафедраның штатында бекітілген оқытушылардан басқа магистранттар мен докторанттарға сабақ өткізуге және олардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік етуге «Металлургия және кен байыту институты» құрамындағы белгілі ғалым-металлургтар – техника ғылымдарының докторлары Кенжалиев Б.К., Квятковский С.А., Тусупбаев Н.К., техника ғылымдарының кандидаттары Абдулвалиев Р.А., Найманбаев М.А., Ковзаленко В.А. және басқалары қатысады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы сабақ өткізудің сапасын көтеру, оқу-әдістемелік материалдарды дайындау, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, кафедраның және университеттің материалды-техникалық базасын нығайту сұрақтары бойынша жұмыс жасайды.

Наверх