Кафедра туралы

Тарихы
 «Тау - кен ісі» кафедрасының тарихы Алма - Ата қаласында 1934 жылы геолог - барлаушы және гидрогеолог мамандарын дайындап шығарған Қазақ тау -кен металлургиялық институтының (ҚазТКМИ) ашылуымен байланысты. Келесі жылы аталмыш оқу орнында кенорындарын игеру мамандығы, ал 1936 жылы түсті металлдар металлургиясы мамандықтары ашылған.


Институттың алғашқы директоры болып Бүркітбаев А. тағайындалған. Ол институтқа сол заманның көптеген білікті оқытушылар құрамын шақырған. Институтымыздың келесі жаңа даму кезеңі Ұлы Отан соғысы кезінде қарқын алған. Бұл кезде ҚазТКМИ мен Алма - Ата қаласына көшірілген Мәскеу түсті металлдар институты қосылды. Соған сәйкес институтта үлкен құрылымдық өзгерістер орын алған, яғни жаңа кафедралар мен мамандықтар ашылған. Сонымен қатар КСРО - да, соның ішінде қара, түсті және сирек кездесетін металлдар қорына бай Қазақстанда пайдалы қазындыларды өндіру қарқыны жоғарылаған.


Соғыс жылдары кезінде институтумыз сегіз мамандық бойынша 512 инженер мамандарын дайындап шығарған.


50 - ші жылдардың аяқ кезінде, яғни өзінің 25 - жылдығына таяу ҚазТКМИ ірі оқу және ғылыми орталыққа айналды. Мұнда 12 алдыңғы қатарлы мамандық бойынша инженерлерді дайындау іске асырылды: геологиялық - барлау, тау - кен, металлургия және құрылыс мамандықтары.


Күндізгі оқу бөлімінің студенттер саны 1800 адамнан асты. Институтымыздың 30 шақты кафедрасында 160 профессорлар мен оқытушылар, соның ішінде екі академик және алты ғылым докторлары қызмет етті.


1960 жылы ҚазТКМИ Қазақ политехникалық институтына (ҚазПТИ) өзгертілді. Соған қарамастан институтта геолог, тау - кен және металлургия мамандығы бойынша инженерлерді дайындап шығару үлкен басымдыққа ие болды.


Институтымызда оқу процесімен қатар профессорлық - оқытушылар құрамы және де студенттер арасында ғылыми - зерттеу жұмыстары да атқарылып отырды.
Ғылыми - зерттеу жұмыстарын орындау бойынша тау - кен өнеркәсіп орындарымен келісім шарттар жасалған. Институтымыздың профессорлық -оқытушылар құрамының негізгі бөлігі сол ғылыми жұмыстарды орындауға жұмылдырылған. Мұндай ғылыми жұмыстарға барынша тәжірибелі және білікті мамандар жетекшілік еткен.


ҚазПТИ еліміздің жүздеген кәсіпорындарымен тығыз байланыста жұмыс істеген. Қазақстанның Ғылым Академиясының және Тау - кен істері институтының ғалымдарымен бірлесіп өндірістің маңызды мәселелері шешілген. Бұл бірге атқарылған жұмыстардың нәтижесі, яғни кенорындарын игерудің жаңа жүйелері мен технологиялары Қазақстанның кеніштеріне енгізілген.
Институтымызда жоғары білікті ғылыми кадрлардың болуы жас ғылыми қызметкерлерді дайындауда өз септігін тигізді. Бұл жастарды аспирантураға тарту арқылы іске асырылды.
ҚазПТИ - дің ғылыми-педагогикалық қызметкерлері көптеген монографиялардың, авторлық куәліктердің, мақалалардың, оқу құралдарының авторлары болды.
Сонымен қатар студенттік ғылым да дамып отырды. Тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен әр түрлі практикалық және теориялық мәселелер шешілді, жаңаша ғылыми ойлар қалыптасты. Барынша ғылымға жақын студенттер әр түрлі ғылыми-техникалық конференцияларға қатыстырылған.

 

1994 жылы Қазақстан Республикасының Министрлер Кеңесінің шешімімен білім беру саласындағы сіңірген жоғары еңбегі үшін ҚазПТИ Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне (ҚазҰТУ) өзгертілді.


2015 жылы ҚазҰТУ мен Қазақ Британ университеті біріктірілді.

 

1935 жылы Тау - кен ісі кафедрасының ашылған кезеңінен бастап кафедраның аты бірнеше рет өзгерген, сонымен қатар дайындалатын мамандардың да саны артқан. Пайдалы қазындыларды игеру кафедрасының алғашқы меңгерушісі тау - кен ісі саласындағы еліміздің белгілі ғалымы, профессор Г.В. Ключанский болған. 1947 жылы көмір кенорындарын игеретін технолог мамандарын оқыту басталған. Содан 1961 жылы кафедраның аты «Пайдалы қазындылы кенорындарын игерудің технологиясы және кешенді механизациясы» болып өзгертілген. Бұл кафедраны 1964 жылға дейін А.С. Попов меңгерген, ал 1964 жылдан 1980 жыл аралығында  кафедраны ҚазКСР - ның Ғылымдар академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Ө.А. Байқоңыров басқарған.

 

1988 жылы Кенорындарын игеру технологиясы кафедрасы бөлінген. Пайдалы қазындылы кенорындарын ашық әдіспен игеру мамандарын «Ашық тау - кен жұмыстары кафедрасы» дайындап бастаған. Бұл кафедраны 2016 жылға дейін ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы Б.Р. Ракишев басқарды.

 

2016 жылы «Ашық тау - кен жұмыстары», «Пайдалы қазындылы кенорындарын жерасты әдісімен игеру» және «Таужыныстарын бұзу және шахта құрылысы» кафедралары біріктірілді. Жаңадан қайта құрылған «Тау - кен ісі» кафедрасының меңгерушісі болып т.ғ.к. Рысбеков Қ.Б. тағайындалды. Жаңа құрылған кафедраның алдына қойылған мақсаты – бакалаврлар, магистрлер мен ғылым докторларын дайындайтын бұрынғы еншілес кафедралар арасындағы байланысты нығайту, оқу процесін жаңарту және барынша білікті мамандар дайындау болып табылады.
    

Сондай - ақ, институт әр түрлі елдердің жоғары оқу орындарымен халықаралық байланысты ұстап отыр. Оның нәтижесі институттың халықаралық шығармашылық байланыстардың профессор – оқытушыларының құрамы шетелдегі халықаралық ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, тағылымдамаға шығуы болып табылады.
    

Кафедра инженерлерді дайындау үшін, оқу процесінде қолданылатын жарақтандырылған аспаптармен, жабдықтармен, қолданыстағы техника және технологияда макеттермен жабдықталған оқу - зертханалық базасы бар. Университет және демеушілер тау - кен өндіру кәсіпорындарының есебінен ескірген жабдықтарды үнемі жаңарту жұмыстары жүргізіледі.



Міндеттері 

•  Концептуалды негіздегі «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды, магистранттарды және докторанттарды дайындау;
•  Оқу процесстеріне заманауи білім беру технологиялары мен әдістерді енгізу арқылы Білім беру бағдарламаларын жетілдіру;
•  Пәндер бойынша әдістемелік материалдарды жасау және оларды ҚазҰТЗУ порталына енгізіп отыру;
•  Оқытушыларға әдістемелік семинарларды ұйымдастыру және оқыту сапаларына сараптама жасау (оқыту технологияларына, әдістемелік талаптарға, көрнекілік құралдарға, мультимедиялық оқыту құралдарына т.б.)
•  Бітіруші мамандардың сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету үшін оқу процессі мен ғылымды және өндірісті байланыстыру;
•  Жұмыс берушілердің талаптарына талдаулар мен мониторинг жасау, осы арқылы білім алушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету;
•  Мамандықты болашақта дамыту жолындағы сұрақтарды қарастыру және де дамыту жосарпарларын жасау; 
•  Білім беру бағдарламаларын оқу-әдістемелік материалдармен жүйелі түрде қамтамасыз ету;
•  Білім алушыларды Еліміздің тау-кен мекемелерінде және ғылыми-зерттеу институттарында практикалық дайындығын жоғарылату;
•  Кафедрада ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға жағдайлар жасау;
•  Оқытушылар құрамын, білім алушыларды, мемлекеттік бюджеттік ғылыми жобалар мен конкурстарға  қатысуға мүмкіндіктер жасау;
•  Кафедраның оқытушы құрамынан ғылыми мектеп қалыптастыру. 

 

Миссиясы мен стратегиясы
«Тау - кен ісі» кафедрасының миссиясы мен стратегиясы тау - кен ісі саласы бойынша Қазақстан Республикасының индустриальды инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыратын, тау - кен өнеркәсібінің әлеуметтік және ұйымдастыру - басқару жүйелерін, заманауи технологияларын, ғылыми-инновациялық әдістерді меңгерген, техникалық арнайы білімді, кәсіби жоғары деңгейдегі нарықтың талаптарына сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды жүзеге асыру.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті техникалық білім беру бойынша алдағы уақытта жаңа ұрпаққа техникалық білімді мамандар даярлау жолындағы миссиясына, мақсаты мен міндеттеріне, стратегиялық даму жоспарларына сәйкес бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды жүзеге асырады.
 

Наверх