Материалдық-техникалық база

Қазақстан Республикасының даму қарқыны, индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасы және инновацияны енгізу кадрдың кәсібилігін арттыруды қажет етеді. Университет пен «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы осы талапты жүзеге асыру үшін айтарлықтай күш қолдануда. Осыған орай, 2014 жылдың 16 қазанда Қазақсандағы «Leica Geosystems Kazakhstan» швейцар компаниясының базасында кафедра филиалының салтанатты ашылуы болды. Филиалдың негізгі мақсаты «университет–индустрия» қарым-қатынасының аясында ынтымақтастықты кеңейту және студенттер мен жас оқытушылардың  дәрістері мен практикалық сабақтарына индустрия өкілдерін тарту арқылы бірлескен қызметті жүзеге асыруды көздейді. «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС ішінде кафедра филиалының жұмысы аясында актуалды тақырыптарда біріккен конференциялар мен семинарлар ұйымдастырылады.

 

«Leica Geosystems KZ» ішінде кафедра филиалын ашудың маңызды сәттерінің бірі. Leica Geosystems – геодезия, маркшейдерия, жобалау, құрылыс, жол құрылысы, өндірістік геодезия, аэрофототүсіріс және кеңістік мәліметтер қорын өңдеу үшін технология нарығының флагманы болып табылатын, 100-жылдам астам тарихы бар швейцар компаниясы. Кәсіби кадрларды, сонымен қатар Leica Geosystems ЖШС қызмет көрсету зертханасында тәжірибелік дайындау (ҚазҰТЗУ студенттерінің өндірістік тәжірибесі түрінде) Филиал қызметінің басымдылығы болады. 

 

Филиалдың салтанатты ашылуы кафедра үшін маңызды оқиға болды.

Филиалдың жұмысы аясында актуалды тақырыптарда біріккен конференциялар мен семинарлар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС ішінде кафедра филиалы қызметінің артықшылығы, ҚазҰТЗУ студенттерінің өндірістік тәжірибесі түрінде, сонымен қатар ЖШС қызмет көрсету зертханасында кәсіби кадрларды тәжірибелік дайындау. 

 

Қазақстан Республикасына алып келетін Leica құрылғылары, 20 жылдай өндірістің әртүрлі салаларында жұмыс істейді және өздерін жоғары сапа мен қызмет көрсету қолдауымен ұсынды. Сондай ақ, Leica Geosystems Kazakhstan  ЖШС коллективінің 20% көбі ҚазҰТЗУ  түлегі. Leica Geosystems өз кадрларымен мақтанады және олардың өсуіне қажетті қаражат бөледі.

 

Leica Geosystems пен ҚазҰТЗУ-дың ұзақ мерзімдегі ынтымақтастығы, филиалдың ашылуымен, екі жақтың кәсіби өсуіне мүмкіндік беретін, қарым-қатынастың жаңа кезеңіне бастау жасады.

 

«Leica Geosystems KZ» ішінде кафедра филиалы қызметінің басымдылығы болып, кәсібикадрлардың тәжірибелік дайындығы болады.  Филиалдың қызметі ҚР Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясын іске асыруға, яғни инженерлік білім жүйесі мен заманауи техникалық мамандықтардың дамуына бағытталады.

 

Leica Geosystems KZ ЖШС Филиалында кафедраның құрамы.

Ашылған кафедра филиалы базасында білім алушылар геодезия, маркшейдериядағы заманауи технологияларды қолдану және кеңістіктік мәліметтерді өңдеуде ең жақсы білім мен машықтана алады.  Маркшейдерлер мен геодезисттерді даярлауда кафедрада оқузертханалары бар, соның ішінде «Leica Geosistems» швейцар компаниясы ашқан «Геодезия,картография және маркшейдериядағы инновациялық геокеңістік технологиялардың ғылыми-зерттеу зертханасы». Зертхананы ашу мақсаты –мамандарды даярлауды жақсартуға бағытталған, геокеңістік технологиясы саласында ғылыми, білім және инновациялық қызметті интеграциялау.

 

Геодезия, картография және маркшейдериядағы инновациялық геокеңістік технологиялардың ғылыми-зерттеу зертханасында.

 

Ғылыми-зерттеу зертханасында жоо оқу бағдарламалары мен зерттеу жобаларында  цифрлық фотограмметрия және цифрлық картография мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Зертхананың ашылу салтанатында цифрлық аэроғарыштық түсірістерді өңдеудің заманауи бағдарламалық-апараттық кешені, ғарыштық навигациялық жерсеріктік жүйенің геодезиялық қабылдағыштары, географиялық ақпараттық жүйелер мен тағы басқа заманауи геодезиялық құрылғылары мен аспаптарының презентациясы өткізілді.

 

Магистранттармен сабақ геодезия, картография және маркшейдериядағы инновациялық геокеңістіктік технологиялар ҒЗЗ.

 

Кафедрада оқу және ғылыми зертханалардың бар болуы, заманауи құрылғылармен қамсыздандырылуы, сапалы жаңа деңгейде тау-кен және маркшейдерлік-геодезиялық профилді мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

 

Заманауи материалды-техникалық қамсыздандыру және компьютерлік класс.

Беспилотник пен лазерлік сканерді үйрену сабақтары.

 

Оқу полигонында оқу сабақтары уақытында.

 

Кафедраның қамсыздандыруына келетін болса, 2017 жылға ол өте жоғары: GEOSCAN-101 пилотсыз ұшу аппараты, TS15 роботталған тахеометр, FARO FOCUS 3D лазерлік 3D сканер, GEOSIGHT лазерлік  сканер, TR1205 электронды тахеометр, «Leica» фирмасының 2 кешенді екі жиілікті GPS-қабылдағыштары, цифрлық нивелир.  

 

БПЛА мәліметтерін өңдеу үшін, Agisoft PhotoSCAN, Sputnic атты мамандандырылған бағдарламалық өнімдері бар. Лазерлік сканердің мәліметтерін өңдеуге TRW (Trimble Real Works)БҚ бар.

 

Геодинамикалық және геомеханикалық бақылау нәтижелерін өңдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету пакеттері бар. Осылайша, оқыту процесінде және ғылыми-зерттеу мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін ең озық аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедра иелігінде.

 

 

Наверх