Кафедра туралы

«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасы 5В072400- «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығының үш саласы бойынша түлектер шығарады: кен саласы - «Кен машиналары және жабдықтар»; металлургия саласы - «Металлургиялық машиналары және жабдықтар»;  мұнайгаз саласы - «Мұнай және газ өнеркәсібінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» және 5В012000 – Кәсіптік оқыту.


Мақсаты:  
-    технологиялық машиналар мен жабдықтар саласына, тау-кен, металлургия және мұнайгаз машиналарын пайдалануда өзінің кәсіби білімін, дағдыларын қолдана алатын инновацилық білімді, интелектуалды дамыған жанжақты мамандар дайындау;  
-    білім, ғылым және өнеркәсіп интеграциясы мақсатында факультеттің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу қызметінің өсуін қамтамасыз ету;
-    салалар бойынша мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру мақсаттары үшiн жетекші шетелдік ЖОО-мен, халықаралық сатушылармен өзара тиімді ынтымақтастық құру арқылы әлемдік білім беру процесін арттыру. 


Тапсырмалар:
-    Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі бойынша білім беру роцесіндегі білім беру бағдарламаларын практикалық жүзеге асыру;
-    білім беру процесіне студенттердің дербестік және шығармашылық ойлау қабілетінің дамуына әсер ететін инновациялық  технологиялаорды, озық білім беру нәтижелерін енгізу;
-    білім беру сапасы және Қ.И.Сәтбаев  атындағы ҚазҰТЗУ түлектерін біліктілік талаптарына сай керекті білімді игеруге дайындау үшін профессорлық- ұстаздық құрамның жауапкершілік дәрежесін көтеру;
-    студенттердің бойында шығармашылық  ойлау қабілетін және ғылыми мәселелерді шешудегі дербестілікті дамыту, оқу барысында алынған білімді тереңдету және бекіту;
-    оқу топтарында сау моральді-адамгершілік, достық және ынтымақтастықты ортада қалыптастыру;
-    дүниежүзілік білім беру және кадрларды дайындауу ісіне қатысу.


Міндеті:

Технологиялық машиналар және жабдықтар аясында, ақыл-парасаты жалпы мәдени және кәсіби құзіреттілік дәрежесі жоғары, бәсекеге қабілетті және білікті маман дайындау, заманауи білім беру технологияларын қолданып, теория мен практиканы қосу. 


Стратегия:
«Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының дамыту стратегиясы К.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2016–2020 жылдарға қойған даму стратегиясына сай келеді.
 

Наверх