Ғылыми-зерттеу жұмысы

«Металлургиялық жабдықтардың динамикасы және беріктігі» оқу-ғылыми зертханасы

 

Кадрлық құрамы:

1. Бейсенов Бауыржан Саккоулы, техника ғылымдарының кандидаты, «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

2. Құрманалиев Мұрат Базарбайұлы, «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының лекторы.

 

Атқаратын қызметі:
Білім беру бағдарламалары:
- металлургиялық машиналар динамикасы;

- металлургиялық машиналарды құрылымдау негіздері;
- эксперименттік техника.


Ғылыми-өндірістік қызмет:
- конструкторлар мен тензометрмстерді дайындау бойынша кеңес беру қызметтерін ұсыну.


Ғылыми-зерттеу бағыты:

- әмбебап пневматикалық модульдер әзірлеу;

- түйіршік материалдарды өзеңдеуге арналған құрылғыны техникалық және технологиялық әзірлеу.


Жабдықтар:

 

Сандық тензометриялық көпір ЦТМ-5, Өндіруші: РОСТОЧПРИБОР.


 

Динамикалық твердомер ТКМ-359 

Өндіруші: НПП МАШПРОЕКТ (производство приборов неразрушающего контроля) - 2011

 

Үзілуге зерттеуге арналған стенд

Өндіруші: VILLA DI SERIO (BG), Италия

 

Электрондық металлографиялық микроскоп

 

ЭГ әсерін іске асыру үшін орнату құрылғысы (эффекта Л.Юткина)

  

 

      

 

Пневматилық баллондарды зеттеуге арналған стенд

 

Әмбебап пневматикалық модульді жетек

 

«Мұнай және газ өндірісінің машиналары мен жабдықтары» бағыты бойынша кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы университет пен кафедралардың ағымдағы және болашақ даму жоспарларының өзара ұштасуы негізінде құрылған. Жұмыс жоспарына сәйкес келесідей тақырыптарда ғылыми-зерттеу жұмыстары жүріп жатыр:

1. Кешенді ынталылық-іздестіру мемлекеттік қаржыландырудағы ҒЗЖ – «Мұнайгаз саласы үшін энергия қорларын үнемдеуші техника құрылымдарын жасау».

( Ғылыми жетекшісі – профессор Мырзахметов Б.А.)

2. Мемлекеттік қаржыландырудағы ҒЗЖ – «Штангалық ұңғымалық сораптардығ сериялы балансирлі жетектерін ұзынжүрістіге модернизациялау».

( Ғылыми жетекшісі – профессор Мырзахметов Б.А.)

3. Мемлекеттік қаржыландырудағы ҒЗЖ – «Қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету үшін күкіртті ашық түрде сақтаудың жаңа әдістерін жасау».

( Ғылыми жетекшісі – профессор ассист. Заурбеков С.А.)

 

ҒЗЖ жүргізуде кафедраның штаттық қызметкерлері ат салысып, магистранттар мен студенттер өз үлестерін қосады. Сомен қатар, кафедра қызметкерлерімен зерттеу жұмыстарының алдын-ала нәтижелерін өңдеу, жаңа жабдықтардың зертханалық үлгілерінің құрылымын іске қосу, кейіннен ҒЗЖ-ның гранттық және бағдарламалық-бағытталған қаржыландыру сайысына қатысу үшін ынталылық-іздестіру жұмыстары жүргізіледі. Өндірістік мекемелермен тығыз байланыс орнатылған: мәліметтермен алмасу, конференцияларда, семинарларда және ғылыми-техникалық кеңестерде туындаған мәселелерді талқылау.

 

Соңғы 2016-2017 ж.ж. кафедра қызметкерлері және магистранттарымен ғылыми зерттеу материалдары бойынша 100 –ден аса мақалалар жарық көріп, 10 инновациялық патент, 2 өнертабыс патенті алынды, сонымен қатар 6 патентке тапсырысжіберілген.

 

Кафедраның барлық оқытушылары, магистранттары және студенттері университетте, республика бойынша және шетелде өтетін тақырыптық, халықаралық және ұлттық конференцияларға белсенді түрде қатысады. Ғылыми және оқу мекемелерімен үздіксіз байланыс орнатылған. Кафедра оқытушылары ат салысқан халықаралық конференциялардың географиялық аумағы келесідей – Польша (Катовице қ.), Ресей (Магнитогорск, Санкт-Петербург, Барнаул, Тюмень, Пермь, Самара және т.б.), Қазақстан (Атырау, Тараз, Алматы және т.б.).

 

Ғылыми зерттеу жұмысына барлық профессорлық - оқытушылық құрам қамтылған. Кафедрада іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Дипломдық жоба мен магистрлік диссертация тақырыптары ғылыми жаңалық элементтерін қамтиды, сонымен қатар өндіріс талаптарын да ескеріп отырады. Мемлекеттік және шаруашылық мекемелердің тапсырысы бойынша нақты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған жеке жобалар да орындалуда. Кафедрада профессорлық-оқытушылар құрамы мен оқытушылардың арасында өнертапқыштық пен рационалдау мектебі дамуда. ҒЗЖ нәтижелері бойынша кей студенттер мен магистранттар өнертабысы үшін ҚР патентінің иегерлері атанды, Республикалық және халықаралық сайыстардың Дипломдарымен марапатталған.

 

Профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстарын жүргізулері үшін кафедра ғылыми зертханалармен, бұрғылау мен ұңғыманы күрделі жөндеу процесстерін ұқсату зертханаларымен, мұнай кәсіпшілігінің жабдықтары орналасқан полигонмен қамтылған.

 

Наверх